Жаңалықтар

Семейде 13 жастағы бала із-түзсіз жоғалып кетті

Семейде 13 жастағы бала із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: Абай облысы полиция департаменті 01.08.2024 17:25 1165

Семейде кеше таңертең 13 жастағы бала жоғалып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 31 шілдеде 2010 жылы туған Турбаев Роман іздеуге көмек көрсету туралы өтініш келіп түскен. Полиция департаменті тұрғындардан 2010 жылы туған Турбаев Романды іздестіруге жәрдемдесуді сұрады.

31 шілдеде Семей қаласы, 7 Омская көшесі, 3 үй мекен жайынан белгісіз бағытта шыққан және қазіргі уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз, хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған баланың шашы ақшыл, көзі көк. Бойы: 160 см, арық денелі. Киген киімі: жасыл-көк футболка, қара трико, қара түсті жаздық аяқ киім (сланцы) киген, - делінген хабарламада.

Жасөспірімді облыс аумағында және көршілес облыстардан да іздестіріп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға