Семей тұрғыны колония аумағына тыйым салынған зат лақтырған

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
18.03.2025 17:39
110
Семейде колония аумағына тыйым салынған зат лақтырмақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Семей қаласының 37 жастағы тұрғыны оқиға орнында ұсталды. Ол Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлерімен патрульдеу кезінде байқалды. Жинақта екі телефон, тоқ қуаттандырғыш, сымсыз құлаққап және SIM карта табылып, тәркіленді. Семей тұрғыны бұл заттарды өзіне таныс емес белгісіз адамға лақтыруды сұрағанын мойындады.
Қазіргі уақытта «курьерге» қатысты әкімшілік хаттама жасалды.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті