Жаңалықтар

Семей полигоны құрбандарының мәселесі Астанада талқыланды

Семей полигоны құрбандарының мәселесі Астанада талқыланды
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 30.08.2023 13:56 711

Астанада Семей полигонынан зардап шеккендердің мәселесі талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елордада «Семей полигоны: адамдар мен тағдырлар, шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастылды. Аталған іс-шараға Астана қаласының қоғамдық кеңесі мүшелері, мәслихат депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты. 

Бүгін тарихи күн. 1991 жылдың 29 тамызында әлемде Невада полигонынан кейінгі көлемі жағынан екінші орында тұрған Семей ядролық полигонының жабылуы туралы жарлыққа қол қойылды. Бұл кездесуде осы тарихи оқиғаны еске алып, талқылау үшін жиналып отырмыз, - деді Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Құсайынова.

Бұдан соң дөңгелек үстел басына жиналғандар Семей полигоны зардабынан қаза болғандарды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Әрі қарай «Семей ядролық полигоны» қоғамдық қорының гимнін тыңдап, атқарылған істер туралы бейнебаянды тамашалады.

Алғашқы сөз кезегін алған «Семей ядролық полигоны» қоғамдық қорының төрағасы Әбдікәрім Болатбек полигоннан зардап шеккендердің жағдайы туралы баяндады. Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Кәрімбек Құрманәлиев, «ҚР Семей ядролық сынақ полигоны ерекше тәуекел етушілер бөлімінің ардагерлері мен мүгедектерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Ержан Дүйсенбаевтар өз ойларын ортаға салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға