Жаңалықтар

Семей орманындағы 14 адамның өліміне кінәлілер сотталды

Семей орманындағы 14 адамның өліміне кінәлілер сотталды
Фото: Абай облысы әкімдігі 13.05.2024 15:51 561
Бородулиха аудандық сотында "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының екі қызметкеріне қатысты абайсызда 14 адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу туралы қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Сот "Семей орманы" резерватында және Новошульба филиалында басшылық лауазымдарды атқарған екі азаматты айыптады. Лауазым иелері орман өрті кезінде жүктелген міндеттерді орындамаған, жағдайды дұрыс бағаламаған және өртті сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етпегендіктен 14 адам қаза тапқаны анықталды.
 
В. және К. кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, жүргізілген сараптамалармен, оқиға орнын тексеру хаттамаларымен, заттай дәлелдемелерді алу хаттамаларымен және тағы басқа толық дәлелденген.
 
ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігінің санкциясымен 3 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
 
Сотталушылардың екеуінде де жас балалардың болуы және ауырлататын мән-жайлардың болмауы түріндегі жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот В. және К. - ны кінәлі деп тауып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
 
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға