Жаңалықтар

«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары жемқорлық үшін сотталды

«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары жемқорлық үшін сотталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 30.05.2023 09:29 999

Абай облысы бойынша Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ басшылығына және басқа да тұлғаларға үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикордың мәліметінше, мемлекеттік мекеменің үш басшысы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысып, кәсіпкерлерден жүйелі негізде 700 мыңнан 13 млн теңгеге дейін пара алып келген.

Олар заңсыз сыйақыны лауазымды тұлғаларға резерват аумағында санитарлық тазалау мен ағаш кесуге рұқсат бергені, мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттарға кедергісіз қол қойғаны, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін берді, - делінген мәліметте.

Резерваттың үш басшысы 10 жылға сотталды, ал бес адам пара бергені үшін кінәлі деп танылып, бір жарым жылдан үш жарым жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Барлық сотталған адамдар өмiр бойы мемлекеттiк қызметте, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттiк секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға