Жаңалықтар

Семей орманы қашан қалыпқа келеді?

Семей орманы қашан қалыпқа келеді?
Фото: t.me/KZgovernment 12.03.2024 12:55 761

Баспасөз мәслихатында журналистер экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтан орман өртінің алдын алу бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын және өртенген ағаштардың қалыпқа келуіне қанша жыл уақыт қажет екенін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еске сала кетсек, ірі орман өрті Қостанай мен Семейде орын алған болатын.

Мемлекет тарапынан біраз іс-шара қабылданып, кешенді жоспар жасалды. Кешенді жоспар аясында бүкіл орман саласына 60 миллиардтан астам ақша қарастырылып отыр. Өткен жолы оның 13,8 млрд министрлікке бөлінді. Оған біршама техника алып, ұлттық парктерге, резерваттарға бердік. Өкінішке қарай, әлі де проблема көп, - деді министр.

Сонымен қатар ведомство басшысы тиісті мемлекеттік органдармен, Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрліктерімен бірлесіп алгоритм жасағанын атап өтті.

Осындай қауіпті жағдай туындағанда қоян-қолтық жасайтын іс-шаралардың бәрін белгілеп алдық. Биыл өрттерді сөндіруге дайынбыз деп ойлаймын, - деді Нысанбаев.

БАҚ өкілдері Семейдегі орманды қалпына келтіру үшін қанша уақыт қажет екенін сұрады.

Орман толық қалыпқа келу үшін 40-50 жылдай қажет. Сол себепті қанша әрекет жасасақ та, табиғаттың, соның ішінде ағаштың өзінің бойына тән, өсу қабілетіне байланысты болады, - деді Ерлан Нысанбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға