Семей мен Өскемен арасындағы жол жабылды
Оған ауа райының нашарлауы себеп болған
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz
13.12.2022 23:20
1908
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Өскемен-Семей» бағытындағы жол жабылды, деп хабарлайды El.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
Республикалық маңыздағы автожол көрінудің шектелуі, боран мен қатты жел салдарынан шектелді.
ШҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты (көрінудің шектелуі, боран, қатты жел) «Өскемен-Семей» республикалық маңыздағы автожолдың Герасимовка ауылынан Шульбинск кентіне бұрылысқа дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді, - делінген хабарламада.
Нақтырақ айтқанда, 10-154 шақырымда – Герасимовка ауылынан Шүлбі ауылына бұрылысқа дейінгі аралықта көліктің барлық түрлері үшін жол жабық.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазгидромет: 14 желтоқсанда бірқатар өңірде боран соғады