Семей қаласының әкімі тағайындалды
Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.
Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол институтын бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінде жұмыс істеді. 2008-2011 жылдары — Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
ШҚО әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы қаласында құрылыс басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласы қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы лауазымын атқарған. Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» және «Алматы» аудандарының әкімі болған. Бүгінгі тағайындауға дейін Абай облысы әкімінің орынбасары болды.