Жаңалықтар

Селфи күні: Сүйікті жұлдызыңмен суретке түс

Бүгін Астана жастары «селфи күнін» атап өту үшін «Дипломат» қонақ үйінде бас қосты.
17.04.2015 13:28 6356

Бүгін Астана жастары «селфи күнін» атап өту үшін «Дипломат» қонақ үйінде бас қосты. ҚМЭБИ түлектерінің қауымдастығы ұйымдастырған осы шараның басты ерекшелігі – Аружан Саин басқаратын «Милосердие» ерікті қоғамы» қорының қызметін қолдап, қайырымдылық қаражатын жинау. Шараға қатысушыларға Қазақстанның белгілі мәдениет, өнер, спорт қайраткерлерімен, сондай-ақ бизнес өкілдерімен бірге суретке түсу мүмкіндігі беріледі.

Селфи күні: Сүйікті жұлдызыңмен суретке түс

Селфи күні: Сүйікті жұлдызыңмен суретке түс

Олжас Әбдіхалықов, ҚМЭБИ түлектері қауымдастығының мүшесі:Селфи күні: Сүйікті жұлдызыңмен суретке түс

Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты, концепциясы – қайырымдылық қаражатын жинау арқылы, мұқтаж жандарға көмектесу. Бұл ретте бізге Қазмедиа орталығы мен «Болашақ» қауымдастығы қолдау көрсетті. Шара екі күнге созылады, түскі сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін қайырымдылық акциясына қатысушылар еліміздің танымал мәдениет қайраткерлерімен, әнші, әртістермен, киножұлдыздармен селфи жасай алады. Акцияға қатысу үшін оқушылар - 500, студенттер - 1000, ал ересек адамдар - 2000 теңге төлеуі қажет. Сондай-ақ, жағдайы бар адамдар, өз қалауы бойынша осы жерде орнатылған жәшіктерге немесе арнайы есепшоттарға қайырымдылық қаражатын аудара алады.

Гүлмира Дайрабай, журналист, танымал тележүргізуші:

Бүгінгі жарияланып отырған «селфи күнінің» басты ұраны – қайырымдылық жасау. Жақсылық жасау бұл әр адамның ішкі жан-жүрегінде бар дүние. Егер әр күніміз жақсылықтарға толы болатын болса, мына әлемде игі өзгерістер көп болады. Сол себепті, жақсылықты бастама ретінде алып отырған жастарға өз тарапымнан қолдау көрсетуді жөн санадым. Мен Кеңес Одағы кезінде, селфи жоқ заманда телевидениеде жұмыс істеген жүргізушілердің қатарындамын, сондай-ақ кейін техника дамыған кезде де осы салада қызмет етіп келе жатқан жүргізушілердің бірімін. Осы екі кезеңді салыстырмалы түрде алатын болсам, қазіргі заманның жастары бақытты дер едім. Өйткені олар кез-келген тарихи оқиғаны суретке түсіріп, өздеріне сақтай алады. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдалану керек.

Селфи күні: Сүйікті жұлдызыңмен суретке түс

Досжан Табылды, «Астана Опера» театрының жетекші балет әртісі:Селфи күні: Сүйікті жұлдызыңмен суретке түс

Бүгінгі шараның ұйымдастырушыларына алғыс айтқым келеді. Болашақта бұл акция кең ауқымды шараға айналады деп ойлаймын. «Селфи күні» деген атау алған бұл күннің ар жағында бір-біріне көмек көрсету, бірге болу деген үлкен ұғымдар бар. Бір-біріне көмектесу арқылы біз ішкі жылуымызбен бөлісеміз, одан сабақ аламыз. Мәдениет қайраткері ретінде, театр өнерінің өкілі ретінде айтарым, біз үшін бұл жаңдай таңсық емес. Біздің жұмысымыздың өзі, өнер арқылы халыққа жеткізгіміз келетіні ол – өзімізде бар бақыт, шаттық, сезімдерімізбен бөлісу. Мен ешқашан адамдардың театрдан көңілсіз, негативпен шыққанын көрген жоқпын. Осындай позитивті көңіл-күймен бөлісетін, қайырымдылық шаралары көбейе берсін. Республикалық масштабқа жетсін.

Динара Саду, тележүргізуші:

Менің білуімше, ҚМЭБИ түлектерінің қауымдастығы бұндай қайымрымдылық шараны бірінші рет өткізіп отырған жоқ. Қоғамда белсенді қызмет етіп келе жатқандырыңыз үшін Сіздерге көп рахмет. Осы акция туралы естіген кезде бірден қатысуға келісім бердім, өйткені өзім де селфиге түсуді жақсы көрем. Ал, бұл шараның маңызы тіптен бөлек, ол – өзіңнің ұнататын ісіңмен айналысу арқылы, өзгелерге көмек көрсету. Мен өз айналамды қайырымдылық жасауға шақырып жүретін жандардың бірімін. Біздің елімізде қайырымдылық жасау әлі де толық дамымаған. Бірақ, алдағы уақытта әрбір екінші қазақстандық қайырымдылық жасайды деген үміттемін.

Селфи күні: Сүйікті жұлдызыңмен суретке түс

 Селфи күні: Сүйікті жұлдызыңмен суретке түс

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Селфи күні» қайырымдылық шарасына еліміздің танымал тележүргізушілері мен спорт қайраткерлері: Илья Ильин, Нұрлан Қоянбаев, Айгүл Мукей, Жасын Қанбаев және т.б. қатысатын болады. 

Селфи күні: Сүйікті жұлдызыңмен суретке түс

Селфи күні: Сүйікті жұлдызыңмен суретке түс

Селфи күні: Сүйікті жұлдызыңмен суретке түс


Материалды әзірлеген - Қаламқас НҰРМАҚОВА

Суреттер авторы - Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға