Жаңалықтар

Секс-құлдықта болған оқушы қыз: министр пікір білдірді

Секс-құлдықта болған оқушы қыз: министр пікір білдірді
Фото: © Freepik.com 21.08.2024 17:22 656

Сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қызылордалық оқушының ісіне қатысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр өз мәлімдемесінде тергеу жалғасып жатқанын алға тартып, халықты өз бетінше қорытынды жасамауға шақырды.

Бұл сұрақ менің бақылауымда. Мен облыс басшылығымен жағдайды талқыладым. Тергеу әлі аяқталған жоқ және біз шыдамды болуымыз керек. Желіде пайда болған кейбір ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондықтан шешім қабылдамас бұрын тергеудің аяқталуын күтейік. Менің ойымша, асықпау керек, өйткені әрбір ақпараттың артында адамның тағдыры тұр. Тексерілмеген дерекке сүйеніп, асығыс шешім қабылдасақ, біз біреудің өмірін құртуымыз мүмкін, - деді Ғани Бейсембаев.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова да мерзімінен бұрын қорытынды жасау дұрыс емес деп есептейді. Ол барлық қатысушы органдар қажетті шараларды қабылдау үшін бұл істі мұқият зерттейтінін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға