Жаңалықтар

Сегіз жасар бала наггетстер мен шұжықтар жеймін деп соқыр болып қалды

Сегіз жасар бала наггетстер мен шұжықтар жеймін деп соқыр болып қалды
Фото: freepik.com 24.01.2025 12:10 283

Малайзияда 8 жасар ұл бала наггетстер, шұжықтар мен піспенан жеп жүріп соқыр болып қалған. Бұл туралы The Sun-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дәрігер Эрна Надианың сөзінше, оқушы сабақ үстіне кенеттен көзі көрмей қалған. Бұл жайт осы айдың басында болған. Ол медииналық мекемеге жеткізіліп, барлық сараптаманы тапсырған.  Сараптама нәтижелері балада А дәрумені жетіспейтінін көрсеткен.

Мамандар баланың көру нерві атрофияланған кезде ауру дамыған деп есептейді. Әңгіме оптикалық нейропатия жайлы. Сондай-ақ дәрігерлер бұл дәруменнің өткір жетіспеушілігіне баланың ұзақ жылдар бойы тек шұжық, печенье және наггетстер жегені себеп болғанын атап өтті.

Дәрігер ата-аналарды балаларының тамағына жіті мән беруге шақырады. Маман көз саулығы үшін сәбіс, сиыр сүті, манго, өрік, балық, тауық, жұмыртқа мен тәтті картопты көбірек тұтынуға кеңес береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға