Жаңалықтар

Щучинск қаласында кадеттер Отанға адал болуға ант берді

Щучинск қаласында кадеттер Отанға адал болуға ант берді
Фото: Қорғаныс министрлігі 30.09.2024 20:45 131

Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде 300-ден астам кадет Отанға адал қызмет етіп, кадеттің ар-намысын биік ұстауға ант берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Абылай хан алаңында өткен салтанатты шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, ұстаздар мен ата-аналар қатысты.

Кадеттерді құттықтаған Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіпов кез келген жағдайда Отан алдындағы парыз бен міндетті абыроймен орындаудың маңыздылығына тоқталды. Ол сондай-ақ, Кадет корпусында оқу жақсы білім мен қажетті дағдыны қалыптастырып қана қоймай, азаматтық борыш пен ел алдындағы жауапкершілікті түсінуге тәрбиелейтінін де атап өтті.

Салтанатты рәсім мерекелік концертке ұласып, кадеттердің саптық дайындық дағдыларын көрсеткен қойылымдарымен аяқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға