Щучинск қаласында балконда қалып қойған егде жастағы әйел құтқарылды

Фото: Бейнежазбадан скриншот
Фото: Бейнежазбадан скриншот
28.02.2025 08:35
867
Ақмола облысында өрт сөндірушілер балконда қамалып қалған тұрғынды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға бойынша үш жасар кішккентай қыз есікті жауып, әжесі балконда қалып қойған. Әйел Щучинск қаласындағы Морозова көшесінде орналасқан үйдің үшінші қабатындағы балконнан ТЖМ құтқарушыларын көмекке шақырды.
ТЖМ құтқарушылары дереу жетіп, балконға баспалдақпен көтерілді. Содан кейін олар есікті ашып, пәтерге кірді. 1961 ж.т. әйел адам құтқарушылардың тез және үйлесімді жұмысының арқасында суықтан аман қалды, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Балқашта "Таза Қазақстан" акциясы аясында сурет көрмесі өтті
Келесі жаңалық
Ұлттық құндылықтарға арналған байқауға 137 суретші қатысты