Жаңалықтар

SCAT әуе кемелері паркі жаңа ұшақпен толықты

Жыл соңына дейін отандық тұрақты тасымалдаушылар паркі тағы 12 ұшаққа толығады
SCAT әуе кемелері паркі жаңа ұшақпен толықты
Фото: gov.kz 27.08.2022 12:40 1676

SCAT авиакомпаниясы кезекті "Боинг-737 800 NG" әуе кемесімен толықты, деп хабарлайды El.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Сыйымдылығы 189 орындық ұшақ авиакомпанияның ӘК паркін 28 бірлікке дейін, оның ішінде "Боинг" үлгісіндегі 21 әуе кемесіне дейін ұлғайтады. ӘК паркі мен тасымалдау сыйымдылығын ұлғайту және рейстердің кешігу санын азайту жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ. Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша Азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиакомпаниялармен бірлесіп жүргізуде. 

Жаңа әуе кемесі авиакомпанияның тасымалдау сыйымдылығын арттырып, ұшу кестесінің және билеттер ұсыныстарының уақтылы орындалуына оң әсер етеді. Ағымдағы жылдың соңына дейін отандық тұрақты тасымалдаушылар паркі тағы 12 ұшаққа толығады деп күтілуде, осылайша қазақстандық авиакомпаниялардың тасымалдау сыйымдылығы 20%-ға артады, бұл өз кезегінде ұшуларды уақтылы орындауға қосымша мүмкіндік береді. Қазақстандық авиакомпаниялардың ӘК паркін кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасуда және Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға