Жаңалықтар

Сайлаушылардың 69,43%-ы бюллетень алды

Бұл туралы ОСК мәлім етті
Сайлаушылардың 69,43%-ы бюллетень алды
Фото: El.kz 20.11.2022 22:21 1628

ОСК сағат 22.00-ге азаматтардың келуі туралы алдын ала қорытынды ақпарат мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылғы 20 қарашада дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК мүшелері дауыс берушілердің келуі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.

Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды, республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашада елорда уақытымен сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 69,43% бюллетень алды.

Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:
1. Абай облысы бойынша – 80,18 %
2. Ақмола облысы бойынша – 78,87 %
3. Ақтөбе облысы бойынша – 72,81 %
4. Алматы облысы бойынша – 72,10 %
5. Атырау облысы бойынша – 70,87 %
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 68,67 %
7. Жамбыл облысы бойынша – 79,57 %
8. Жетісу облысы бойынша – 81,42 %
9. Қарағанды облысы бойынша – 78,39 %
10. Қостанай облысы бойынша – 79,28 %
11. Қызылорда облысы бойынша – 81,07 %
12. Маңғыстау облысы бойынша – 66,99%
13. Павлодар облысы бойынша – 77,58%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 79,01%
15. Түркістан облысы бойынша – 80,37%
16. Ұлытау облысы бойынша 75,48 %
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49 %
18. Астана қаласы бойынша – 48,60%
19. Алматы қаласы бойынша – 28,72%
20. Шымкент қаласы бойынша – 59,79%

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға