Жаңалықтар

Сайлаушылардан 17 мыңнан аса азаматтан өтініш түскен

Сайлаушылардан 17 мыңнан аса азаматтан өтініш түскен
Фото: El.kz 07.03.2023 11:05 1673

ОСК отырысында Азаматтардың электронды үкімет порталында тіркелу және онлайн сервисін іске асыру, сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша жұмысты қамту мәселесі қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров баяндады.

«26 ақпаннан бастап бүгінге дейін сайлаушылар тізіміне 12032550 азамат енгізілді. Сайлаушылар тізіміне белсенді сайлау құқығы бар ҚР азаматы және тиісті сайлау учаскелерінің аумағында тұрғылықты жері бойынша азаматтар енгізіледі. Әрбір сайлаушы сайлау тағайындалған кезден бастап жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы. Егер сайлаушыға сайлаудан кемінде 30 күн бұрын сайлау күні өзінің тіркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігінің болмайтыны белгілі болса және ол өзінің жері бойынша жергілікті атқарушы органға өзін тиісті сайлаушылар тізімдеріне енгізу жөнінде өтініш беруге құқылы», — деді ол.

Сондай-ақ 230 Саll орталық пен онлайн ұйымдастырылғанын айтты және 17310 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Ал азаматтардың жазбаша өтініштері мен орналасқан жері бойынша тізімдерге 48001 азамат енгізілген.

Айта кетейік, бұған дейін ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров 4 халықаралық ұйымнан 165 халықаралық байқаушы ресми түрде тіркеуден өткенін және сайлауалды теледебат өтетіні туралы айтқан болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға