Жаңалықтар

Сайлауға кандидат Нұрлан Әуесбаев дауыс берді

ҚР Президенттігіне үміткер Көктал шағын ауданында орналасқан N198 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді
Сайлауға кандидат Нұрлан Әуесбаев дауыс берді
Фото: ortcom.kz 20.11.2022 08:12 893

Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев дауыс берді, деп хабарлайды El.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Кандидат таңғы сағат 7.40-та Көктал шағын ауданында орналасқан N198 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

Көңіл күйім жақсы. "Бұл сайлаудан күтесіз?" деген сұраққа жауап беретін болсам, бәрі ойдағыдай өтсе, алда үлкен жақсы өзгерістер күтіп тұр. Өз сайлау учаскеме азаматтық парызымды өтеп, дауыс беруге келдім, - деді Нұрлан Әуесбаев.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға