19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына сайлау күні елімізде 609 бүлдіршін дүние есігін ашты, деп хабарлайды El.kz.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Кеше 312 ұл, 297 қыз, сонымен қатар бір егіз бала дүниеге келген.
Мемлекеттің одан әрі дамуы үшін осындай тағдырлы және маңызды күнде дүниеге келген сәбилерге жарқын болашақ пен зор денсаулық тілейміз, - делінген хабарламада.
Бүгін республиканың стационарларында емделіп жатқан пациенттер үшін емдеуге жатқызу орны бойынша дауыс беру үшін жағдайлар ұйымдастырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екі өңірде су тасқыны қаупі күшейді
Келесі жаңалық
Алматыда жер сілкінді