Сайлау комиссиясының мүшелері арнайы оқудан өтті – ОСК
Бұл туралы ОСК кезекті 31-ші отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров бұған дейінгі науқандағыдай барлық деңгейдегі сайлау комиссия мүшелері электоралдық деңгейде оқытылғанын айтты.
Сайлау комиссиялары мүшелерін электоралдық оқыту бойынша екі блоктан тұратын көшпелі семинар кеңестер өткізілді. Соның ішінде электоралдық оқытудың әдіснамалық негізінде каскадтық әдіс бойынша оқытылды. Каскадтық әдіс – сайлау процесін ұйымдастырушыларды «жаттықтырушы жаттықтырушыны оқытады» қағидасы бойынша жүзеге асырылды. Оқу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, екінші кезеңде аумақтық, округтік сайлау комиссияларының мүшелері, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төрағаның орынбасарлары мен хатшылары, үшінші кезеңде учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері оқытылды, – деді ол.
Сондай-ақ, ол аумақтық сайлау комиссиялары 86260 АСК, ОСК және УСК мүшелері үшін 5328 көшпелі оқыту семинар-кеңестері мен тренингтер өткізгенін айтты.
ҚР Президентінің жанындағы МБА-сы 20933 АСК, ОСК және УСК мүшелері үшін 344 өңірлік семинар ұйымдастырды. ОСК онлайн тестілеуді қоса алғанда қашықтықтан оқыту 1680 АСК мүшелері, 15265 ОСК мүшелері оқытылды, – деді ол.