Сайлау-2023: Аида Балаева өз таңдауын жасады

Фото: El.kz
Фото: El.kz
19.03.2023 14:11
683
ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева Мәжіліс және мәслихат сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Аида Балаева елордадағы №111 сайлау учаскесіне барып дауыс берді.
Бұл сайлау учаскесі жұмысын таңғы сағат 07:00-де бастады және онда 2744 дауыс беруші тіркелген.
Айта кетейік, бұған дейін дәл осы №111 сайлау учаскесінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Премьер-министр Әлихан Смайылов, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев келіп дауыс берген болатын.
Бөлісу:
