Жаңалықтар

«Саяси тапсырыс емес». Берденов туралы депутат пікір білдірді

«Саяси тапсырыс емес». Берденов туралы депутат пікір білдірді
Фото: El.kz/Артем Чурсинов 23.04.2025 10:36 170

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназров Шымкентте оққа ұшқан Руслан Берденов туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үлкен жарақат алды. Үш рет атты. Аман-сау қалуы өте қиын еді. Өзіне келуі біраз уақыт алады. Руслан мырзаның спортқа көзқарасы бөлек, тез сауығып кетеді деп үміттенеміз. Мен әлеуметтік желіде таралған ақпараттарға сенбеймін. Бұл оқиғаның саяси астары жоқ, саяси тапсырыс емес. Бір өлімнен аман қалып отыр. Руслан мырзаны сипаттайтын бір дүние айтып берейін. Ол кеше ғана наркоздан ес жиып жатқанда «Жұмысқа бару керек, жұмысқа бару керек» деп айтқан екен. Шын мәнінде бұл Руслан Берденовтің жұмысқа деген адалдығын көрсетеді, - дейді Мәжіліс депутаты.

Оның айтуынша, оқиғаға тұрмыстық жанжал себеп болуы мүмкін.

Ол мемлекеттік шенеунік. Бұл кез келген адамның басында болуы мүмкін еді, - дейді депутат.

Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалды. Оқ атқан адам қамауға алынған, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға