Жаңалықтар

Саяси партиялардың сайлау бюллетеніне енгізілетін нөмірі анықталды

Саяси партиялардың сайлау бюллетеніне енгізілетін нөмірі анықталды
Фото: El.kz 18.02.2023 10:42 1147
Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлауға қатысушы саяси партиялардың сайлау бюллетеніне енгізілетін нөмірі анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жеребе қорытындыларына сай 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттарға кезектен тыс сайлауда дауыс беруді өткізу кезінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюллетенінде келесі тәртіп бойынша орналасады:
1. «AMANAT» партиясы;
2. «Ауыл» халық-демократиялық партиясы;
3. «Respublica» партиясы;
4. Қазақстан Халық партиясы;
5. Қазақстанның «Байтақ» жасыл партиясы;
6. «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы;
7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға