Жаңалықтар

Саяси партиялар жаңа үкіметке қатаң талап қоюы керек – саясаттанушы

Саяси партиялар жаңа үкіметке қатаң талап қоюы керек – саясаттанушы
Фото: El.kz 29.03.2023 17:25 1328

Президент жанындағы ұлттық құрылтай мүшесі, саясаттанушы Қазбек Майгелдинов мемлекет басшысы көтерген сегіз мәселені іске асыруда партиялық тізіммен келген депутаттардың мүмкіндігі мен қауқары жоғары екендігін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы кезектен тыс мәжіліс сайлауының нәтижесінде қазіргі таңда жаңа сегізінші шақырылымдағы парламент бүгін Президенттің қатысуымен бірінші отырысын өткізді. Жиырма жылдан кейін алғаш рет мажоритарлық жүйемен 29 депутат бір мандаттық округ бойынша сайланды. Депутаттардың жоспарын іске асыруында екі мәселе бар. Біріншіден, партиялық тізіммен сайланған депутаттар еңбек өтілі, тәжірибесі, ашықтығы көңіл толарлықтай. Бірақ бір мандаттық округ арқылы сайланған депутаттарда өкінішке орай сын көтермейтін тұлғалар бар. Бір ғана мысал келтіре аламын Ұлытау облысынан жергілікті қоғамдық кеңес төрағасы сайланды. Алайда ешқандай нәтиже көрсетпеген азамат. Дәл осындай жағдай Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан да орын алып отыр. Сондықтан бұл тұрғыдан алған кезде бір мандаттық округ арқылы негізінен белсенді, шын мәнінде қоғамда өз орны бар азаматтарды күткен болатынбыз. Бірақ өкінішке орай бір мандаттық округ арқылы келген депутаттардың партиялы тізіммен келген депутаттармен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Оның енді бағасын халық алдағы уақытта бере жатар, - дейді саясаттанушы.

Айтуынша, көтерілген мәселелер партиялардың сайлау алды берген жоспарларына сай келеді. Яғни мемлекет басшысы оларға салалық деңгейін көрсетуге мүмкіндік беріп отырған сияқты дейді.

«Екіншіден бүгінгі Мемлекет басшысының негізгі сөз сөйлеу баяндамасындағы еліміздегі ең басты түйткілді әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге арналды. Соның ішінде ұнағаны биылғы парламент құрамына өткен әр партияға сегіз мәселені салалық бағыттары бойынша анықтап беруінде жатыр. Бұл бір жағынан саяси күштерді ынталандырудың бір белгісі деп білуіміз керек. Мемлекет басшысы ешқандай партияда болмаса да олардың ортақ бәсекелестігін арттырды», - дейді.

Бірнеше жыл қатарынан айтылып келе жатқан шағын заттар экономикасы бағыты бұл жолы да биліктің назарынан тыс қалмады.

Шағын заттар экономикасы мәселесі бірнеше жыл қатарынан айтылып келеді. Бұл деген еліміздегі өндірісті шағын цехтардан бастау керек. Бірақ, өкінішке орай бізде шырпы мен ине де шығаратын цех жоқтығының әсерінен біз импорт тауарларына тікелей тәуелді боп отырмыз. Сондықтан осы тұрғыда ірі кәсіпкерлер келіп отырса дағы ең алдымен өндіруші кәсіпорындарды дамытуға көңіл бөлгендері жөн. Мысалға Республика партиясы орта және шағын бизнесті дамыту мәселесін қолға алатын болады, - деді Қазбек Майгелдинов.

Өз сөзінде әлеуметтік және азық-түлік мәселелері бойынша жүктелген тапсырмалардың халық үшін бірінші орында екенін атап өтті.

Енді бүгінгі сегіз бағыттың ішінде мен үшін ең бастысы әлеуметтік осал топтарға байланысты көтерілген мәселе болды. Себебі еліміздің жанұя институты қазіргі таңда басты назарда болуы керек. Сондықтан осы отбасы мәселесіндегі жалпы әлеуметтік осал топтар, мүмкіндігі шектеулі жандарға да жәрдемақыны көтеру маңызды. Азық түлік мәселесінде барлық саяси партиялар жаңадан құрылатын үкіметке қатаң талап қою керек. Ол талаптардың бірі қазіргі таңдағы шағын және бизнес әсіресе секторлық немесе кластерлі әрбір облыстарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы жылыжайлар болуы керек. Бірақ мұның барлығын үкімет қатаң қадағалау қажет. Сонымен қатар азық түлік өндіруші шаруалар мен қаладағы дүкендер арасындағы делдалдар мәселесін шешу мәселесі бар. Себебі қосымша құн мәселесі делдалдың екі арада бағаны өсіруінің тікелей әсерінен пайда болуда, - деп қорытындылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға