Жаңалықтар

Саясаттың саясаты іске асар ма екен?

Мұндағы ең басты бағыттардың бірі – министрліктің барлық ішкі процестерін цифрландыру.
Саясаттың саясаты іске асар ма екен?
28.07.2022 02:48 1398

Жаңадан құрылған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде цифрландыру жөніндегі вице-министр лауазымын ашу қарастырылып отыр. Бұл туралы аталған ведомство басшысы Саясат Нұрбектің ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электронды қызмет жұмысымен танысу барысында айтылды, деп хабарлайды EL.KZ. 

Біздің алдымызда ғылымды таныту міндеті тұр. Мұндағы ең басты бағыттардың бірі – министрліктің барлық ішкі процестерін цифрландыру. Бұл сын-пікірлерге бірден жауап беруге және ғылым мен жоғары оқу орындарына бөлінетін қаржының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Саясат Нұрбек. 

Алдағы жұмыстардың маңыздылығын ескере отырып, жаңадан құрылған Ғылым және жоғары білім министрлігінде цифрландыру жөніндегі вице-министр лауазымын ашу қарастырылып отыр. 

Ол ішкі процестерді цифрландыру жұмысын қадағалап, тиісті министрліктермен және ведомстволармен өзара қарым-қатынас ісіне жауап беретін болады. Мысалға, бөлінген қаржыны алдын ала талдау нәтижесі көрсеткендей, цифрлық платформаны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институттарында қолданыста бар барлық зертхана жабдықтарын есепке алуға көмектеседі. Бұл жаңа жабдықтарды сатып алу ісін жылдамдатады және жұмыс істеп тұрған зертханаларды бірлесе пайдалануды қамтамасыз етеді, - делінген министрлік хабарламасында. 

Еске салайық, Ұлттық ғылым академиясында ғалымдармен кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ғылым саласын басқару жүйесін жетілдіру қажеттігін атап өткен болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға