Саясат Нұрбек ҰБТ-2024-ке байланысты мәлімдеме жасады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сіздер үшін ҰБТ-2024 өзгеріссіз қалатындығын қуана хабарлаймын. Тестілеуде сіздер тек екі пән тапсырасыздар: Қазақстан тарихы (20 тапсырма, шекті балл – 5) және Оқу сауаттылығы (10 тапсырма, шекті балл – 3). Тапсырмаларды орындау уақыты – 70 минут. Ал шығармашылық емтихандар жоғары оқу орындарында өтеді, - деп жазды министр өзінің telegram-дағы парақшасында.
Саясат Нұрбектің айтуынша, бұл шешім талапкерлердің қалауы мен бейінді ведомстволардың сараптамалық пікірі негізінде қабылданды.
Қорытындылай келе, өткен жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндігін ресми түрде бекіткенін еске саламын, - деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар ақылы негізде түсу үшін ҰБТ тапсырудың тағы үш мүмкіндігі (қаңтар, наурыз, тамыз) бар екені еске салынды. Тиісінше 2024 жылғы талапкерлер тестілеуден бес рет өте алады.
