Жаңалықтар

Саясат Нұрбек Азаматтық Авиация академиясының ұжымымен кездесті

Бұл туралы министрлік мәлім етті
Саясат Нұрбек Азаматтық Авиация академиясының ұжымымен кездесті
Фото: gov.kz 24.11.2022 14:36 1243
Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Ғылым және жоғары білім министрі Азаматтық Авиация Академиясына барып, жоо-ның профессор-оқытушылық құрамымен және студенттерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Министрдің басшылықпен кездесуі виртуалды форматта және ЖОО сайтында әрекет ететін қоғамдық қабылдау бөлмесінде өтті. Ректор Бекен Сейдахметов министрге Академияның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру кезеңдерін таныстырды.
 
Сонымен қатар Саясат Нұрбек жоо-ның профессор-оқытушылық құрамымен және студенттерімен кездесті. Ол министрліктің алдында тұрған міндеттерімен бөлісті.
 
«Академия-классикалық ЖОО емес, оның жеке мәртебесі және өзіндік білім беру вертикалы болуы тиіс», - деді Саясат Нұрбек.
 
Министр оқу орнының саладағы және Орталық Азия өңіріндегі рөлін күшейтудің маңыздылығы, саланың қажеттіліктерін қанағаттандыру және білім беру қызметтерін одан әрі экспорттау үшін ұшқыштар мен инженерлерді даярлау бойынша EASA еуропалық сертификатын алу мақсатында Академияның материалдық-техникалық базасын ұлғайту қажеттігін атап өтті. Сондай - ақ, Академия жанындағы аккредиттелген халықаралық оқу орталықтарын ICAO және IATA дамытуға баса назар аударды.
 
Министр академияға сапарын жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми жетістіктері көрмесіндегі экспонаттармен таныстырумен аяқтады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға