Жаңалықтар

Саясат Нұрбек Ақтөбедегі студенттер жатақханаларын тексерді

Саясат Нұрбек Ақтөбедегі студенттер жатақханаларын тексерді
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 09.09.2023 05:29 792

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне сапары аясында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Жастар үйі» студенттік жатақханасына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, министр студенттік жатақханаларда тұру жағдайларын тексеріп, онда тұратын студенттермен әңгімелесті.

Студенттердің айтуынша, жатақханаларда тұру құны қолжетімді және бес жыл бойы өзгермеген. Сонымен қатар жатақханалар халықтың осал топтарындағы студенттерге, сондай-ақ белсенді студенттерге, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарына және үлгерімі жақсы студенттерге тегін беріледі.

Министр Саясат Нұрбек студенттер үшін жайлы өмір сүру және оқу жағдайларын қамтамасыз етудің және жастарды білім мен табысқа ұмтылуда қолдаудың маңыздылығын атап өтті, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға