Жаңалықтар

Say Mo бұрынғы күйеуі Шәріп Серіктің қандай қорлық көрсеткенін айтты

Say Mo бұрынғы күйеуі Шәріп Серіктің қандай қорлық көрсеткенін айтты
Фото: instagram.com/say_mo__ 07.04.2025 16:04 184

Say Mo лақап атымен танымал әнші Мөлдір Есембек әлеуметтік желіде өз оқырмандарына бұрынғы күйеуі, актер Шәріп Серіктен қысым көргенін айтты,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыдан бірер күн бұрын желіде Әлия Бутеева есімді бойжеткен Шәріп Серіктің оны ұрып-соққанын жариялаған еді. Осы жайттан соң актердің бұрынғы әйелі Say Mo да соққыға жығылғанын алға тартты.

Қазір қолымда дәлел жоқ. Денемнің көгерген суреттерін анама жібергенмін, алайда кейіннен оларды өшіріп тастадым. Әр ұрыстан соң кешірім сұрайтын, тіпті «актерлігін қосып» тізерлеп отырып кешірім сұрайтын. Абьюзивті қарым-қатынаста болмаған адам мұны ешқашан түсінбейді. Неліктен шыдадың дейтін шығарсыздар. Білмеймін.  

Әкесіз өстім. Ер адам әйелге қандай қарым-қатынас жасауы керектігін білмедім. Себебі көз алдымда ер адамның үлгісі болған жоқ. Анам тынбай жұмыс істейтін, ал мен ер адам сияқты өстім. Бір күні көлемді сұхбат беріп, бәрін тәптіштеп айтып беремін, - деді орындаушы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға