Сауран көшесінің учаскесі жөндеуге жабылды
Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады
Фото: El.kz
Фото: El.kz
23.08.2022 15:22
1102
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Сауран көшесінің екі учаскесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды El.kz порталы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты осы жылдың 23-25 тамыз аралығында Сауран көшесін Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейінгі учаскеде және Алматы көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаскеде толығымен жабу жоспарланып отыр.
« Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз» , - делінген көлік басқармасының хабарламасында.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
БҚО-да бір күнде жол апатынан үш адам ауруханаға түсті