Жаңалықтар

Саунаны балалар лагеріне айналдырған кәсіпкер бюджеттен 107 млн теңге алған

Саунаны балалар лагеріне айналдырған кәсіпкер бюджеттен 107 млн теңге алған
Фото: facebook.com/Инка Рокеровна 18.07.2023 11:00 684

Әлеуметтік желіде алматылық оқушыларды демалсын деп жазғы лагерьге емес, саунаға жібергені туралы ақпарат таралған еді. Видеодан демалып жүрген балалардың жанында саунаға келген еркектердің жүргенін көруге болады. Аталған мәселеге қатысты депутат Нұргүл Тау Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желі қолданушылардан түскен ақпарат бойынша Ұзынағаш ауылындағы «Арман дала» лагеріне Respublica партиясы атынан Алматы қалалық мәслихат депутаттары Қайрат Бегалин және Жалынбек Жайнарбаймен бірге барып, жағдайымен таныстым. Жазғы лагерьде баланың демалуына жағдай жасалмаған, өрескел бұзушылықтар орын алғандығына куә болдым, - деп жазды депутат.

Нұргүл Тау лагерь ыңғайластырылған бұрынғы сауна ғимаратында орналасқанын атап өтті.

Оқи отырыңыз:

 

Қызмет көрсетуші «БелРичи» ЖШС. Мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес қызмет көрсету құны 107,8 млн. теңге. Жоспар бойынша 1150 бала демалыспен қамтылуы тиіс, - деп жазды депутат.

Мемлекеттік сатып алу процедулары қалай жүргізілгендігі төңірегінде мәселе туындауына байланысты ҚР Бас прокуратурасына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне тексеру жүргізу жөнінде сауал жолдаған.

Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша жақын арада балалар басқа демалыс лагерлеріне жіберіледі.Бұл мәселені өз бақылауыма алдым, - деп жазды ол.

Айта кетейік, Алматы тұрғыны Ирина Ким «Арман дала» лагерінде түсірілген фото-видеоларды желіге салды. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматылық оқушылардың жазғы лагерьдің орнына саунаға жіберілгеніне байланысты пікір білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға