Жаңалықтар

Сауль Альварес өз мансабындағы 59-шы жеңісіне қол жеткізді

Сауль Альварес өз мансабындағы 59-шы жеңісіне қол жеткізді
Фото: Los Angeles Times 07.05.2023 14:27 775

Сауль «Канело» Альварес (58-2-2, 39 КО) британдық Джон Райдермен (32-5, 18 КО) Гвадалахарадағы Estadio Akron аренасында жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Аталған сында жеңімпаз атанған боксшы суперорта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы атағына қол жеткізетіні айтылған еді. Бұл ретте «Канело» осыған дейін қол жеткізген өзінің барлық белдігін (WBA Super, WBC, WBO және IBF) тікті. Жекпе-жек он екі раундқа жоспарланып, төрешілердің бірауыз шешімімен "Канело" жеңімпаз атанды.

Бесінші және сегізінші раундтарда Райдер нокдаунға түсуп, төреші есеп ашты. Алайда мұрнын жарақаттап алған ол жергілікті боксшыға қарсы айқасты толық өткізіп шықты. Осылайша, «Канело» кәсіпқой бокстағы 59-шы жеңісіне қол жеткізіп, Джон алтыншы рет жеңілістің дәмін татты. 

Сапопандағы бокс кешінде Сауль «Канело» Альварес андеркардында қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (3-0, 3 КО) рингке шыққан болатын. Әбілхан Аманқұл өзінің төртінші жекпе-жегінде мексикалық Фабиан Риос Фраустоны екінші раундта сұлатып салды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға