Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшісі сенім грамоталарын табыс етті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш жаңадан тағайындалған Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Файсал Әл-Қахтанидан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің орынбасары Сауд Елшісін қызметке тағайындалуымен құттықтап, жоғары деңгейде қалыптасқан қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететіндігін атап өтті.
Ф. Әл-Қахтани екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты дамыту үшін барлық күш-жігерін салуға ниетті екенін жеткізді.
Сұхбат барысында дипломаттар Қазақстан-Сауд Арабиясы ынтымақтастығының күн тәртібінде тұрған бірқатар маңызды мәселерді және өзара ықпалдастықтың келешегін талқылады.
Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы әріптестікті өзара белсенді қолдауға келісті.
