Сауд Арабиясының футболшылары Польшадан жеңіліп қалды
Ойын 2:0 есебімен аяқталды
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz
26.11.2022 23:42
1555
Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында Сауд Арабиясының командасы Польша құрамасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz.
Эр-Райяндегі «Эдьюкейшн Сити» стадионында өткен ойын тартысты өтті. Сауд Арабиясының құрамасы алғашқы таймда басымдыққа ие болғанымен, 39-шы минутта қарсыластарына ұпай жіберіп алды. 81-ші минутта польшалықтар жеңіс әкелген голды соқты.
Ойын нәтижесіне сәйкес, 30 қарашада Польша құрамасы Аргентинамен кездеседі. Ал Сауд Арабиясы Мексикамен бақ сынасады.
Бірінші турда Польша құрамасы Мексикамен тең түсіп, ойын 0:0 есебімен аяқталса, Сауд Арабиясы Аргентинаны 2:1 есебімен жеңіп кетіп, жанкүйерлерін таң қалдырған болатын.
Бөлісу:
