Жаңалықтар

Сауд Арабиясы мен Камбоджа алғаш рет Қысқы Азия ойындарында бақ сынайды

Сауд Арабиясы мен Камбоджа алғаш рет Қысқы Азия ойындарында бақ сынайды
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 23.01.2025 06:32 111

7-14 ақпан күндері аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарына құрлықтағы 34 Ұлттық Олимпиада комитетінің сапында 1275 спортшы жиналады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Азия Олимпиада кеңесінің мәліметінше, бұл қысқы ойындар арасындағы рекорд. Сауд Арабиясы мен Камбоджа алғаш рет қысқы спорттан қатысады. Осыған дейінгі, Жапонияның Саппоро қаласындағы бәсекеде құрлықтағы 30 ел мен Тынық мұхиты аймағынан Аустралия мен Жаңа Зеландияны қосқанда 32 комитет тіркелген. Ал спортшылар саны 1147 болған. Араға 8 жыл салып, Харбинде олардың саны 128 атлетке көбейеді деп күтіліп отыр. 

Айта кетейік, аталған 1275 спортшының 755-і ер, 520-сы әйел. Олардың 847-сі мұз айдынындағы жарыстарда күш сынасады. Ал қалған 428-і биатлон, шаңғы жарысы сынды Ябули қаласында өтетін қар спортында кім мықтыны анықтайды.

Тағы бір ақпарат, IX қысқы Азия ойындарында 32 жүлде жиынтығы Харбиндегі мұз айдынындағы сында, қалған 32 алтын медаль иегері Ябулиде белгілі болады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға