Жаңалықтар

Сатыбалды ісі: 14 млн доллар мемлекетке қайтарылды

Сатыбалды ісі: 14 млн доллар мемлекетке қайтарылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 31.05.2023 17:24 884

Қайрат Сатыбалдыұлы және онымен байланысты тұлғалардың 464 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтері мен ақшалай қаражаттары қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мамыр айының соңына қарай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін Бас прокуратурамен бірлесіп, Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы сомасы 14 млн АҚШ долларын қайтарды.

Антикор бұл қаражаттың мемлекет кірісіне айналдырылып, әлеуметтік мақсаттарда пайдаланылатынын айтты.

Қылмыстық қудалау басталғаннан бері мемлекетке заңсыз сатып алынған Қ.Сатыбалдыұлы және онымен байланысты тұлғалардың 464 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтері мен ақшалай қаражаттары қайтарылды. Оларға әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді көліктер, қолма-қол ақша, акциялар мен компаниялардың үлестері, сондай-ақ теміржол кіреді, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға