Сәтпаев университетінің оқытушылары су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр

Satbayev University ғалымдары мен студенттері су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның жоғары оқу орындары су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуден қалыс қалмады – Сәтбаев Университеті студенттердің бастамасымен көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға қолдау көрсету үшін гуманитарлық көмек қабылдау пунктінің ашылғаны туралы мәлімдеді.
Университет дүние-мүлкінен айырылған жәнекөмекке мұқтаж отбасылар үшін қажетті суда жүзу құралдары мен гигиеналық заттар, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін қабылдау орнын ашты.
Сонымен қатар университет ғалымдары да өзтараптарынан қайырымдылық танытып, зардап шеккендер қолдау көрсетіп отыр: ғалым Ербол Сағатов 50 литр сабын қайнатып, оны мұқтаж жандарға жіберді, ал қызметкерлер бір күндік еңбек жалақысын BIZBIRGEMIZ қорына аударды. Университет зардап шеккендерге атаулы көмек те көрсетті – зардап шеккен отбасылардан шыққан 19 студентке 241 000 теңге көлемінде материалдық көмек берілді.
