Сәтбаевта «Қазақмыс» кеншілері ереуілге шықты

14 тамызда түнгі ауысымға түскен Сәтбаев өндірістік алаңының №65 шахтасының кеншілері мен мердігерлік ұйымдарының қызметкерлері жұмысты тоқтатып, ереуілге шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жұмысшылардың наразылығына қатысты «Қазақмыс» ЖШС түсініктеме берді.
Мән-жайды анықтау мақсатында «Қазақмыс» басшылығы, прокуратура және жергілікті атқарушы билік өкілдері оқиға орнына барды. Қазіргі уақытта «Қазақмыс» ЖШС басшылығы туындаған мәселелерді шешу үшін шахтерлердің бастамашыл тобымен келіссөздер жүргізіп жатыр, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ өңірлік жедел штабтың құрылғаны айтылады. «Қазақмыс» компаниялар тобы әрқашан сындарлы диалогқа ашық екенін жеткізді.
Кеншілер еңбек жағдайларын жақсарту, жабдықтарды жаңарту және еңбекке жарамсыздық пайызын 29 дан 50-ға дейін арттыруды талап еткен.
