Жаңалықтар

Сәтбаев университеті ғалымдарының су тазарту жұмыстары Польшада жоғары бағаланды

Сәтбаев университеті ғалымдарының су тазарту жұмыстары Польшада жоғары бағаланды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 07.07.2024 14:49 568

Сәтбаев университетінің профессоры Сейтхан Азат Мария Склодовская Кюри Университетінде (Польша) ұйымдастырылған «Synthesis and characterization of carbon materials» семинарына қатысып, «Application of activated carbon in water treatment: radionuclides and microplastics removal» тақырыбында баяндама жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл семинар Еуропалық одақ қаржыландыратын «Горизонт-Еуропа» Бағдарламасы аясында «Плазмалық технологиялар арқылы суды тазартуға және ксенобиотиктерден денсаулықты қорғауға арналған көпфункционалды тұрақты адсорбенттер» жобасының қаржылық қолдауымен ұйымдастырылды. Семинарға Испания, Польша, Ұлыбритания, Словакия, Мексика, Украина, Венгрия, Молдава елдерінің ғалымдары қатысты.

Сондай-ақ Польша химиктер қоғамының арнайы шақыруымен Сейтхан Азат Мария Склодовская Кюри Университетінде ғалымдарға арнап «Current State of Carbon Research in Groundwater Treatment in Kazakhstan: Satbayev University Case Study» тақырыбында ашық лекциясын өткізді.

Сәтбаев университеті базасында жасалып жатқан ғылыми жұмыстар шетелдік ғалымдар тарапынан жоғары бағаға ие болып, қызығушылығын тудырды. Болашақта ғылыми жобалар мен докторанттардың ғылыми жұмыстарын бірлесіп атқаруға келісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға