Жаңалықтар

Сәтбаев полицейлері мас күйде көлік басқарған 12 жүргізушіні ұстады

Сәтбаев полицейлері мас күйде көлік басқарған 12 жүргізушіні ұстады
Фото: Polisia.kz 25.02.2023 12:14 1062

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

24 ақпанға қараған түні Сәтбаев қаласы аумағында көлік жүргізуші мас күйінде анықталды. Сот медициналық сараптама қорытындысымен жүргізушінің ішімдік ішкені расталып, ҚР ƏҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталды.

Мұндай заң бұзушылар жол-көлік апатын жасамай-ақ, азаматтарға зиян келтірмесе де, 15 тәулікке қамау жөнінде әкімшілік жаза тағайындалып, жеті жылға дейін жүргізушілік құқығынан айырылады.

Аталған құқық бұзушылық қайталанған жағдайда, қамау мерзімі 20 тәулікке дейін, ал жүргізушілік құқығынан айыру сегіз жылға дейін ұзартылады. Сәтбаев қаласының полицейлерімен жыл басынан бері көлікті мас күйде жүргізген 11 автокөлік жүргізушісі анықталып, жауапкершілікке тартылды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға