Жаңалықтар

Сарыағаштағы оқиға: Қылмыскерге заңсыз үкім шығарған сот төрағасы қызметінен босатылады

Сарыағаштағы оқиға: Қылмыскерге заңсыз үкім шығарған сот төрағасы қызметінен босатылады
Фото: Sud.kz 19.07.2023 11:41 909

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Нұрғазы Шетенов қызметінен босатылуы мүмкін. Сот төрағасының 5 жасар қызды өлтірген қылмыскерге бұрын заңсыз үкім шығарғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жоғарғы сот тарапынан кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктіге қатысты заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды.

Айта кетейік, сот ауылдасын балтамен ұрып денсаулығына ауыр зиян келтірген тұрғынға 3 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарған. Оның бұған дейін кісі өлтіріп, 10 жыл түрмеде отырғаны ескерілмеген. Кейін дәл осы ер адам 5 жасар қызды бірнеше рет пышақтап өлтірген.

Нұрқазы Шетенов 2020 жылдың қазан айында Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Оқи отырыңыз:

Ол еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер органдарында 1995 жылы бастап 2004 жылдары аралығында учаскелік полиция инспекторы, анықтаушы, тергеуші, аға тергеуші, ОҚО алтыншы басқармасының, есірткі саудасына қарсы күрес басқармаларында жедел уәкіл қызметтерін атқарған.

2004-2007 жылдары аралығында ОҚО, Қазығұрт ауданы әкімінің заң кеңесшісі, 2007-2010 жылдары аралығында «Бейбарс и К», «Төлеби Мұнай Газ» ЖШС-де заңгер қызметтерін атқарған.

2010-2016 жылдар аралығында ОҚО, Сайрам аудандық сотының судьясы лауазымын атқарған.

2016-2020 жылдары аралығында Созақ аудандық сотының төрағасы лауазымын атқарған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға