Жаңалықтар

Сарыағашта есірткі еккен әйел сотталды

Нәтижесінде Сарыағаш аудандық соты 57 жастағы сотталушыға бір жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады
Сарыағашта есірткі еккен әйел сотталды
Фото: polisia.kz 28.10.2022 14:23 1904

Сарыағашта есірткі еккен әйел сотталды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысында өз ауласында заңсыз есірткі еккен Сарыағаш ауданының 57 жастағы тұрғынына үкім шықты.

Нақтырақ айтсақ, Сарыағаш АПБ  полицейлері жедел-профилактикалық іс-шара кезінде үйінде есірткі еккен күдіктіні ұстады. Ал әйел оны өзі тұтыну үшін өсіргенін жеткізді. Аталмыш күдіктіден полицейлер заттай дәлел ретінде құрамында есірткісі бар бес түп өсімдікті тәркілеп, сараптамаға жіберді.

Қорытындыға сәйкес оның үшеуі сора, ал екеуі көкнар есірткісі болып шықты. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жинақталған материалдар айыптау актісімен бірге заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Нәтижесінде Сарыағаш аудандық соты 57 жастағы сотталушыға бір жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға