Жаңалықтар

Сарыағашта даун синдромы бар баланы орталық маманы таяқпен ұрған

Сарыағашта даун синдромы бар баланы орталық маманы таяқпен ұрған
Фото: видеодан алынған кадр 14.04.2025 12:38 370

Әлеуметтік желіде «Әділ кәсіподақ» ұйымы Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жантүршігерлік сәттің видеосын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерекше күтімді қажет ететін 13 жастағы Еркебұлан Жақыбайдың даун диагнозы бар. Ол Сарыағаш қаласындағы «Ақылды бала» коррекциялық орталығына барып жүрген.

Сурет пәнінен сабақ беретін Марлен есімді азаматтың баланы аяғынан сүйреп, жерде жатқызып, бұрышқа тақап қойып күш көрсеткен сәті видеоға түсіп қалған.

Еркебұланды сабақтан алып кетуге келген анасы Гүлжауһар Жорабековаға баласы: «Ағай мені ұрды. Қатты қорқып кеттім, жүрегім ауырып жатыр» деп жылаған.  Еркебұланның жүрегіне бұған дейін екі рет ота жасатқан.Егер сол сәтте жүрегі тоқтап қалса — кім жауап береді?

Біз мына жағдайға үнсіз қала алмаймыз!- дейді кәсіпқодақ өкілдері.

Осыған қатысты Түркістан облысының білім басқармасы пікір білдірді.

Түркістан облысының білім басқармасы бейнематериалда көрсетілген жағдайды назарға алып, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізді. Оқиға жекеменшік коррекциялық орталықта орын алған. Бейнематериалдағы ер адам – мұғалім емес, арт-терапевт маманы. Ол орталық тарапынан жұмыстан босатылды. Бүгінде балаға қажетті психологиялық қолдау көрсетілді. Қазір баланың жағдайы жақсы, тұрақты сабаққа қатысып жүр деп хабарлаймыз, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға