Сәрсенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, шаңды дауыл соғады
Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 30 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте найзағай, екпінді жел, қатты жаңбыр күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Елдің оңтүстік-батысында - шаңды дауыл. ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының батысында, шығысында, Алматы облысының солтүстік жартысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтілуде.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.