Жаңалықтар

Сарқан қаласында қазақ күресінен турнир өтті

Сарқан қаласында қазақ күресінен турнир өтті
Фото: gov.kz 10.10.2024 21:30 326

Сарқан қаласында қазақ күресінен Облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының қызметкерлері арасында турнир өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарысты ұйымдастырғанда аталмыш орталық. Орталық қызметкерлері Жетісу өңірінде өтетін түрлі деңгейдегі жарыстардың бас-қасында жүреді.

Басшылар  ұйғарымымен өз қызметкерлеріне де көңіл бөліп, мамандар арасында да спорт түрлерінен жарыстар өткізу жоспарланған. Ондағы мақсат-көпшілікті бұқаралық спортқа баулу. Әрі орталық қызметкерлерінің де спорттық сайыстардан тысқары қалдырмау. Қазақ күресінен ұйымдастырылған алғаш жарыс Сарқан қаласында өтті. Оның өзіндік себебі де бар.

Әлемдік деңгейде ел намысын қорғаған Әбілсейіт Айханов, Аманжол Бұғыбаев және басқа палуандардың кіндік қаны осы өңірде кесілген. Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне аудан әкімдігі де қол ұшын берді. Салтанатты ашылу рәсімі жергілікті биші қыздардық ұлттық нақыштағы билерімен басталды. Турнир аудан әкімінің орынбасары Алмас Байғұнысовтың құттықтау сөзімен басталды.

Кеңестер Одағы кезінде көптеген сарқандық палуандар халықаралық жарыстарда абыроймен өнер көрсетті. Қазіргі таңда аға буынның ізбасарлары да көптеп саналады. Осы жарысты Сарқан қаласында өткізуге шешім қабылдаған облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығының басшысы Рүстем Қалиев мырзаға шын жүректен алғысымызды білдіреміз деді, Алмас Ажарханұлы.

Орталық қызметкерлері арасында құрыш білекті палуандар аз еместігін осы турнир барысында байқадық. Кілем үстіне шыққан әрбір қызметкер "жеңіске" деген құштарлықтарын көрсетті. Күрестің айла-тәсілдерін жетік меңгермесе де, қара күшпен қарсыластарын қапыда қалтырған жігіттер де аз болған жоқ. Талдықорған қаласынан келген Ермек Құрманғалиев "Жеңіске деген жігері үшін" номинациясын жеңіп алды. Ол Садыр лақап атымен белдесті.

Турнирдің үшінші жүлдесі екі палуанға берілді. Оның біріне НАЙМАН лақап атымен кілемге шыққан Сарқан ауданының спорт нұсқаушысы Нұржан Бекмолданов иеленсе, екіншісі БАРЫС лақап атымен белдескен Ескелді ауданының спорт нұсқаушысы Диас Орынбасарға бұйырды. Турнирде белдесулерін  ӘШІКЕН  өткізген Қаратал ауданының спорт нұсқаушысы Арай Дюсекенов екінші орынға көтерілді. Арай сондай-ақ, турнирдің "алып" палуаны атанды. Ал, барлық белдесулерін сәтті өткізген кербұлақтық палуан Дидар Жанпейісов турнир жеңімпазы атанды. Оған Облыстық бұқаралық-спорттық іс шаралар өткізу орталығы дайындаған "Чемпиондық белбеу" табыс етілді.

Осылайша облыстық бұқаралық-спорттық іс шаралар орталығы мұрындық болып өткізген алғашқы турнир өз мәресіне жетті. Алдағы уақыттарда спорттың басқа түрлерінен де жарыстар өткізу жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға