«Сарбаздарға темекі тұқылын жегізген»: қауіпсіздік мобильді қосымша арқылы бақыланады

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
25.02.2025 17:42
126
Ақтөбеде сарбаздарды темекі тұқылын жеуге мәжбүрлеп, ұрып тастаған сержантқа сот үкімі шыққан еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізде болса, 42 жастағы сержантқа билікті асыра пайдаланды деген айып тағылып, ол екі жылға бас бостандығынан айырылған.
Әскери бас прокурордың орынбасары Талғат Бекбергеновтің сөзінше, бұдан былай сарбаздардың қауіпсіздігі мобильді қосымша арқылы бақыланады. Қазір әскери бөлімдерге арнайы QR кодтар орнатыла бастады. Оның көмегімен нысандағы кез келген заң бұзушылық туралы анонимді түрде ақпарат беруге болады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елдегі барлық әйелдерге ақшалай сыйлық беріледі
Келесі жаңалық
World Boxing ресми түрде AIMS құрамына кірді