Жаңалықтар

Сарбаздар ҰБТ тапсырмай еліміздің 45 жоғары оқу орнына тегін түсе алады

Сарбаздар ҰБТ тапсырмай еліміздің 45 жоғары оқу орнына тегін түсе алады
Фото: ОКҚ 29.12.2022 12:40 2249

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

25 қазанда Қорғаныс министрі Ғылым және жоғары білім министрінің қолдауымен еліміздің 45 озық жоғары оқу орындарының ректорларымен мерзімді әскери қызмет өткендерге жоғары оқу орындарына түсуге жеңілдік беру туралы меморандумға қол қойды.  

«2023 жылдан мерзімді қызметін өтеген азаматтарға жоғары оқу орнына ҰБТ есептемей-ақ оқуға ақылы түрде түсуге мүмкіндік жасалады. Мерзімді қызмет барысында үздік нәтиже көрсеткен сарбаздар жоғары оқу орнына ҰБТ есептемей-ақ тегін түсе алады. Сонымен қатар, ЖОО-нан тағайындалған жеке гранттары да қарастырылған», - деді Сұлтан Қамалетдинов.  

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  әскери қызметтің беделін арттыру бойынша жұмыстар қолға алынғанын атап өтті.

«Мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің күн тәртібінде жоғары оқу орнында  оқуға дайындалу үшін уақыт көзделгенін атап өтті. Одан басқа, Қорғаныс министрлігі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу жəне дамыту агенттігі əскери қызметшілерге мерзімді əскери қызмет өткеру кезеңіне «кредиттік каникул» беру туралы меморандумға қол қойды.Бұл бастама мерзімді қызмет əскери қызметшілеріне оның əскери қызмет өткеру кезеңінде өз кредиті туралы ұмытуға мүмкіндік береді», - деді Сұлтан Қамалетдинов.

Кредит бойынша төлемді кейінге қалдыру барлық банктермен жəне шағын қаржы ұйымдарымен сарбаздардың барлық ақшалай қарызы бойынша «тоқтатып қою» көзделеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға