Жаңалықтар

Сарбасов еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері туралы хабардар етті

Сарбасов еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері туралы хабардар етті
Фото: ҚР ЕХӘҚМ 14.09.2023 22:11 669

«HUMAN CAPITAL FORUM-2023/Интеграция жалғасуда» форумы аясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов «Адам құқықтары - жұмыскердің құқықтары» атты пленарлық отырыста сөз сөйлеп, онда Қазақстандағы қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ЕХӘҚМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші вице-министр өз сөзінде еңбекті қорғаудың жаңа идеологиясы мұқият пысықталғанын және Қазақстанның қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында белсенді талқыланып жатқанын атап өтті.

«Еңбек жағдайларын жақсарту, еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарының санын азайту мақсатында Еңбекмині әлеуметтік әріптестермен бірлесіп кәсіпорындарда еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Еңбекті қорғау салалық ғылыми-зерттеу институтының базасында Жобалық офис құрылды, оның құрамына 150-ге жуық адам кірді», – деді Ақмәди Сарбасов.

Сондай-ақ ол Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының негізгі бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Атап айтқанда, жұмыс орнында кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың жаңа моделін енгізу, кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша сақтандыру тарифін саралау, Кәсіпорындардың цифрлық картасын құру және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік бақылау мен мониторингтің проактивті форматын енгізу және т.б. ұсынылатын болады, – деді бірінші вице министр.

Бұған дейін хабарлағандай «HUMAN Capital FORUM – 2023/Интеграция жалғасуда» – әртүрлі салалар мен елдердің өкілдері арасында білім мен тәжірибе алмасуға арналған алаң. 

Форум барысында HR және адами ресурстар мен дағдыларды дамыту мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшылар мынадай түйінді тақырыптарды қарайтын болады: еңбек нарығының деформациясы және апат ауқымы; мемлекет, бизнес және адамдар; адам құқықтары және жұмыскер құқықтары; жетекші әлемдік талдау орталықтарының HR трендтері бойынша зерттеулері; еңбек қақтығыстарын шешу жолдары: employee relations/industrial relations рөлі; кадр жетіспеушілігі пен тапшылығы: қалай тартуға, ұстауға және дамытуға болады; неліктен жаңа ұрпақ тезірек күйіп кетеді; әл-ауқат бағдарламаларын қалай дамытуға және қолдауға болады; HR кәсіби және жеке даму практикасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға