Сарайшық қалашығындағы көне қорымдар тасқын судан қорғалған

Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
04.05.2024 12:30
1611
Бұл жөнінде Сарайшық ауылдық округының әкімі Жаннат Кенжеғалиева мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі күнге Сарайшық ауылындағы жағалау бекіту жүмыстары 100% аяқталған. Қорғаныс бөгеттерінің жалпы ұзындығы 13,6 шақырымды құрайды. Олардың 5,4 шақырымы ескі жалдар болса, 8,2 шақырымы жаңадан салынған.
Барлық ескі қорымдар мен Сарайшық қалашығындағы археологиялық қазба орындары биіктігі 2,5 м дамбамен қорғалған. Сарайшық сапар-орталығының айналасындағы қорғау қоршауы да жаңартылды,-деді Ж.Кенжеғалиева.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Айымбетовтің Түркиядағы жалақысы белгілі болды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді