Жаңалықтар

Сарапшылар Тоқаевтың үш жылдық реформаларының нәтижелерін талқылады

Сарапшылар Тоқаевтың үш жылдық реформаларының нәтижелерін талқылады
Фото: El.kz 06.02.2025 14:00 146

Бүгін Астанада сарапшылар бас қосып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 3 жылдық саяси реформаларын қорытындылады, деп хабарлайды Еl.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен өткен жиында елімізде  соңғы үш жылда жүзеге асырылған саяси реформалардың негізгі аспектілері, олардың мемлекеттік басқаруды, құқықтық жүйені және азаматтық қоғамды дамытуға ықпалы талқыланды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бәпи «Реформаны бір жарлықпен немесе заңмен ғана қоғамға сіңіріп түсіндіру мүмкін емес» деп айтты.       

Біріншіден, қоғамдық санамызда реформа түсінігі болуы керек. Біздің қоғамдық сана 30 жыл бойы стагнацияда болды. Жарлықтар шыққан бойда бірден іске асып кететін машина емес. Біздің билік пен қоғамның арасындағы қатынастардың заңды ережелері қалыптаспаған, -дейді Мәжіліс депутаты.

Оның айтуынша, реформаларды енгізген кезде билік пен қоғамның арасындағы қарым-қатынаста баланс болмай шықты. Одан кейін еліміздегі саяси реформалардың дамуына сыртқы факторлардың әсерін де алға тартты.

Біз Орта Азиядағы еуроинтеграцияға бара жатқан ел болсақ, ол біреулерге ұнамауы мүмкін. Жасырудың қажеті жоқ. Қосымша құн салығын алайық. Салық мәселесіне келгенде халықтың қолдауын табу қиын. Көз бояушылық жасамай, осындай моменттерге тоқталу керек. Сол сияқты азық-түлік пен тұтыну тауарларының қымбатшылығы тағы бар. Реформа үш жылдан бері жүріп жатса, қымбатшылық процессі де үздіксіз жүруде,-дейді Ермұрат Бәпи.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға