Жаңалықтар

Сарапшы: Заң арқылы зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділікті қалыптастырамыз деп үміттенемін

Сарапшы: Заң арқылы зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділікті  қалыптастырамыз деп үміттенемін
Фото: pixabay.com 16.04.2024 13:05 863

15 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балалар құқығын қорғайтын заңдарға қол қойған еді. Осыған орай El.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне «Женский луч» қоғамдық бірлестігінің басшысы Оксана Волоково-Михайлская заң туралы пікірін білдірді. 

Сарапшы ретінде бұл заңның қабылдануы көптеген адамның өміріне араша болады дер едім. Заң бірден күшіне енсе игі. Себебі 2020 жылы қабылданған нормалар заң актілерінде көрсетілгендей нәтиже бермеді. Бүгінде барлығымыз бұл заңның қабылдану маңыздылығын түсініп отырмыз. Осыған дейін ҚР Сенаты пен ҚР Мәжілісіне сарапшылар, қоғам қайраткерлері, азаматтық қоғам мүшелері тарапынан 5000-ға жуық хат жолданған болатын. Сол себепті заңның қабылдануын асыға күтіп отырған жайымыз бар. Бұл заң арқылы зорлық-зомбылыққа деген нөлдік төзімділік қалыптастырамыз деген үміттемін,-деді ол.

Ол осы ретте адам ашуын басқару мақсатында агрессорлармен жұмыс істеу маңыздылығын айта кетті.

Біздің азаматтық позициямыз осы нормаларды енгізуге септігін тигізді. Заңда жеңіл жаза беруге тыйым салу, кәліметтік жасқа толмағандарға зорлық-зомбылық көрсеткендермен татуластыруды болдырмау сияқты тұстардың елеп-ескерілгені қуантады. Біз медиативті келісімдер әр қылмасқа қатысты қолданбау қажеттігін бұрыннан айтып келеміз. Сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсау немесе осындай іс әрекетке итермелеудің қатаң жазалануы қажеттігін айтар едім. Бұл жөнінде қоғам белсенділері үнемі айтудан шаршаған емес,- дейді Волоково-Михайлская.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға